Тәулігіне 50 мың текше метр: Атырауда жаңа сүзгі станциясы іске қосылды

(0 Votes)

Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан №5 су сүзгі станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның мақсаты – Жайық өзенінен алынған суды сапалы тазартудан өткізіп, қала тұрғындарын қосымша ауызсумен қамтамасыз ету,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі .

Жаңа станцияның іске қосылуы қаладағы ауызсу тапшылығы мен қысымның жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Станцияның қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метрді құрайды. Су Жайық өзенінен қалқымалы және жағадағы бірінші көтеру сорғы станциялары арқылы алынады. 

- Қалқымалы станция су деңгейі төмендеген жағдайда да үздіксіз жұмыс істей береді. Су тазарту жұмыстары тұндыру, сүзу және натрий гипохлоридімен залалсыздандыру арқылы жүргізіледі . Бұл реагент станция жанындағы қондырғыда ас тұзынан өндіріледі. Жуып-шаю суларын қайта пайдаланатын жүйе су үнемдеуге мүмкіндік береді. Тазартылған су үш резервуарда сақталып, ІІ-ші сорғы станциясы арқылы тұрғындарға жеткізіледі,- деді Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай

Станцияда әрқайсысы 10 мың текше метр болатын үш су сақтау резервуары орнатылған. Айта кетейік, құрылысты «БатысАльянсСтрой» ЖШС жүргізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT