«Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқандар марапатталды

(0 Votes)

Құлсары қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза көше», «Таза аула» және «Таза дәліз» бастамаларына үлес қосқан тұрғындар мен мекеме қызметкерлері марапатталды. Жыл бойы ұйымдастырылған сенбіліктерге белсенді қатысқан 18 мекеме ұжымына алғыс хаттар табыс етілді.

Аталған шарада қала әкімі Қадыржан Адинов тазалық – әр адамның қаланың дамуына қосқан үлесі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, акцияға ерекше үлес қосқан қала тұрғындары, соның ішінде 3 жасар Азиза Қуандық та марапатталды. Анасы Жаңагүл Тұяқбаевамен бірге күнделікті ауласын тазалап, әлеуметтік желіге бейнежазба жүктеген бүлдіршінге аудан әкімінің орынбасары Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етті. 

Қала әкімі мен аудан басшылары игі бастамаларға белсенді қатысқан тұрғындарға шынайы алғысын білдіріп, әр азаматтың туған жерді қорғауға үлес қосуы маңызды екенін атап өтті. 

 

Айнұр Мейрамбайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT