Аудандық мәдениет үйінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тілектерін жүзеге асыру мақсатында “Армандар шыршасы” ұйымдастырылды.
Игі шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетовпен қатар, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері, аудандық полиция бөлімінің бастығы, ҚР ҰҚК облысы бойынша Департаментінің Мақат аудандық бөлімінің басшысы, өндірістік және дербес бөлім басшылары атсалысты.

Шара барысында қатысушылар шыршада ілініп тұрған қағаздарды суыру арқылы балалардың жаңа жылдық тілектерін орындауға уәде берді.
Алдағы уақытта ата-ана қамқорлығынсыз қалған 23 баланың арманы орындалатын болады.
Ә.ҚАСЫМ,
Суреттерді түсірген С.Бекарыс



