Қыс мезгілінің келуімен аудан аумағында қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көшелерінің қауіпсіздігі мен тұрғындардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған шараларды «Таза Мақат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері аудан ішіндегі негізгі көшелерді, әлеуметтік нысандардың маңын және жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазартып, жол қозғалысының үздіксіз болуын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар жолдар мен қоғамдық орындарға құм-тұз қоспасы себіліп, көктайғақтың алдын алу шаралары да күшейтілді. Қар тазалау жұмыстарына арнайы техникамен қатар жұмысшылардың қол еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, тазалық саласының мамандары аудан тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуде.
Жауапты мекемелер қыс мезгілі аяқталғанға дейін қар тазалау және инертті материалдар себу жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратынын жеткізді.
МТ



