Атырау қаласында №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2003-2004, 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында үстел теннисінен ашық біріншілік өтті.
Оған ауданнан 7 теннисші қатысып қайтты. Жарыс қорытындысы бойынша жеке, командалық және жұптық ойындарда белсенділік танытқан А.Жәрдемқызы(2003 ж.т.) 1-ші орынды иеленіп, мерейі үстем болды. Ал А.Бақтығали, Н.Мақсот сынды қыздарымыз 2-ші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, аралас жұптық ойыннан да жүлделі орындарды бағындырған қыздардың теннис спортына деген шебер қимылдары зор үміт күттіреді. Жарыстың "жеңіске деген жігері үшін" номинациясын Г.Қалымжан иеленсе, командалық есеп бойынша аудан 2-ші орынға табан тіреді.
А.УТАРОВА,
Мақат кенті.