Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. Бүгінде Президент тапсырмасының жүзеге асуына – аудан спортшыларының жеткен жетістіктері де дәлел.
Әсіресе, ауданнан шыққан футболшылар облыстық, республикалық турнирлер де бой көрсетіп, аудан намысын қорғап келеді. Айталық, Атыраудың құрама командасы сапында ойнаған ауданымыздың төрт спортшысы Астана қаласында өткен футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Нұрдәулет Амангелді, Рауан Мәңгір, Дидар Битулиев, Еркебұлан Тұрғалиев сынды футболшыларымыз 7-17 қазан аралығында Сербия елінің Белград қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Жасыл алаңда ойын көрсететін жерлестерімізге сәттілік серік болсын дейміз!
Ә.ҚАСЫМ