Қазақстан қоржынына Азиаданың төртінші алтыны түсті

(0 Votes)

Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды.

Оларға жеңіс сыйлаған уақыт 1:49.01. Біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті.

Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.

"Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!"- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521