Атырау қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтті. Сайыс 2008-2009 жане 2010-2012 туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.
Дүбірлі додаға Қалмақ АССР-нен, Түркіменстан республикасының және Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Орал, Атырау облысынан барлығы 300-ге жуық палуан бақ сынасты.
Аталмыш жарыста Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жас дзюдошылары қатысып, жүлделі оралды. Атап айтсақ, Мирас Жасұланұлы 20 келі және Мирас Асылбекұлы 42 келі салмақ бойынша чемпион атанды. Азамат Айып 38 келі, Қадірбек Оразбек 55 келі, Әлжан Жұмажан +55 келі салмақ бойынша қола жүлдеге ие болды.
Азамат Бегалиев және Әділет Тынышқалиев секілді бапкерлер баптаған жеңімпаздардан күтілер үміт зор.
М.ІЗТҰРҒАНОВА