Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және «Мартөк» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына орай дзюдо күресінен республикалық турнир өткізілді.
Турнирге 2005-2007, 2008-2009 жылы туылған 500-ге жуық жасөспірім қатынасты. Жарыс нәтижесі бойынша біздің ауданымыздан қатысқан 33 кг. салмақ дәрежесі бойынша Ренат Таубаев пен 36 кг салмақ бойынша Заманбек Бақтығали 1 орын алса, 45 кг. салмақ дәрежесі бойынша Еркенұр Шонай мен 55 кг. салмақ бойынша Аян Амангелдиев 3 орынды иеленді.
Жас спортшылардың жеңіс тұғырын бағындыруына жаттықтырушы Абзал Капсалимовтың ықпалы еркеше. Ол әрбір талапкердің салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағыт беріп, жігеріне жігер қосып келеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ