Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай дзюдодан 2006-2007, 2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында Республикалық турнир өтуде.
Турнирге Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Атырау қаласы, Мақат кенті, Қызылқоға ауданы, Жылыой ауданы, Индер ауданы, Махамбет ауданы, Құрманғазы ауданы, Исатай ауданынан келген 280-ге тарта балуандар татами төрінде, бақ сынасуда.
Ашылу салтанатына арнай келген аудан әкімінің орынбасары Т.Нұрпейсов, ардагер Т.Байгуршимов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы ертен анықталатын болады.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Сурет автордікі