Кітапхана қарттарға құрмет көрсетті

(0 Votes)

Доссор кітапханасында қайырымдылық айына орай «Қарттарды  құрметтейік» тақырыбында мерекелік шара  өтті.

Кешке кенттің ардагер тұрғындары мен кітапхананың ардагер қызметкерлері және С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушылары, мұрағат қызметкерлері, тұрақты оқырмандары қатысты. Шара барысында ардагерлер өздерінің өмір жолы мен қызмет бабындағы естеліктерін баяндап берді. Сондай-ақ, бала тәрбиесі, адамгершілік, отаншылдық, кітап оқу туралы ойлары мен өмірден түйгендерімен  бөлісті. Кеш қонақтарына Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін паш етті.

qurmet-2

Атап айтсақ, Ж.Қазиқызы «Жайдарман» халық әнін, А.Арсен «Айжан қыз» күйін нақышына келтіріп орындап берді. Сондай-ақ, С.Таубай баян аспабымен халық әні «Ахау керімді» орындаса, М.Сағындық «Балбырауын» күйі арқылы көрерменнің қошеметіне бөленді. Кеш барысында «Көк дөнен», «Қазақ вальсі», «Ерке сылқым», «Нар агачи» шығармалары да орындалды.

Кеш қонақтары О.Иманазиева, Қ.Кереева, М.Бисенбаева, Г.Қалмағанбетова, А.Адилова, Т.Қапашева өздеріне арналған бұл құрметке ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушы кітапханашыларға алғыстарын жаударды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521