Атырауда отандық және шетелдік белгілі тарихшылар Алтын Орданың рөлін талқылады

(0 Votes)

Атырауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алтын Орданың 750 жылдығына орай өтіп жатқан " Ұлық Ұлыс - Алтын Орда" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының панельдік талқылаулары өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға Қазақстаннан және шетелден профессорлар, зерттеушілер, белгілі тарихшылар қатысты. Спикерлер панельдік отырыстарда Алтын Орда тарихы мен мәдени мұрасының өзекті мәселелерін талқылады.

Конференцияның бірінші панелі «Алтын Орданың мәдени мұрасы – тарихи деректерде» тақырыбымен өтті.

Екінші және үшінші панель Алтын Орданың археологиялық мұрасы, Алтын Орда дәуіріндегі фольклор тақырыптарына арналды. Конференция барысында баяндамашылар Алтын Орда кезеңінің мәдени ескерткіштері, Ұлыс Жошы мен Қазақ хандығының құқықтық жүйесі, әдеби мұралары туралы баяндамалар жасады.

Тарих ғылымдарының докторы Александр Қадырбаев «Иохаган Шилтбергердің Алтын Ордаға сапары» атты баяндама жасады.

– Алтын Ордаға соңғы рет келген батыс еуропалықтардың бірі 1396-1427 жылдар аралығында мұсылмандардың тұтқынында болған Бавариядан келген неміс солдаты Иоганн Шилтбергер болды. 30 жыл тұтқында болған кезінде И.Шильтбергер қожайындарымен бірге Шығыстың көптеген елдерінде, оның ішінде сол кездегі азаматтық қақтығыстардың аласапыран кезеңін бастан өткеріп жатқан Алтын Ордада болып, оған кейіпкеріміз куә болды. Неміс саяхатшысының жазбалары Шығыс пен Батыс өркениеттерінің тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан мәдениеттер симбиозының өзіндік бір түрі, полиэтникалық және поликонфессиялық Алтын Орда қоғамын бейнелейді, - деп мысал келтірді баяндамашы.

Сондай-ақ баяндамашылар әлі де зерттеуді қажет ететін Алтын Орда кезеңінің Қазақстан тарихындағы рөлін атап өтті. Отандық және шетелдік тарихшылар әртүрлі елдердің қоймалары мен мұрағаттарынан табылған жаңа тарихи деректер мен құжаттармен бөлісті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT