Алматы Орталық стадионы УЕФА талаптарына толықтай сәйкес келеді: футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыратын бөлмелер, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар толық аттестациядан өткен және халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді.
Бұрын кездескен сынды орындықтар немесе ескірген дәретханалар сияқты кейбір кемшіліктер стадионның жасы мен кейбір көрермендердің ұқыпсыз қарым-қатынасына байланысты. Әр матчтан кейін орындықтарға тексеру жүргізіліп, бұзылғандары ауыстырылады, өйткені олардың едәуір бөлігі үнемі істен шығып отырады.
Бүгінде бұл мәселелер ерекше бақылауға алынған — орындықтарды ауыстыру және қалпына келтіру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін санитарлық-гигиеналық тораптарда тек косметикалық жөндеу жүргізілсе, қазір олардың ауқымды күрделі жөндеуі басталды.
Алдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы қарсаңында Орталық стадион толық дайын болады: абаттандыру жұмыстары аяқталып, тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, ең жоғары деңгейдегі матчтарды өткізуге арналған барлық халықаралық стандарттарға сәйкестік қамтамасыз етілді.