Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев баяндама жасады. Аудан мектептеріндегі әлеуметтік осал топтағы оқушыларға NCOC компаниясының, Атырау облысы кәсіподақ ұйымының және мұғалімдердің тарапынан болған демеушіліктер туралы кеңінен тоқтала кеткен ол: «Мектепке жол» акциясы бойынша барлық білім беру ұйымдарында 206 балаға 1 807 320 теңге қаржыға көмек көрсетілді. Акция оқу жылы аяқталғанша іске асады»,- деді. Айта кететіні, жоғарыда аталған көмектер оқушыларға сөмке, оқу құралдары және киім-кешек түрінде берілген. Алайда ата-аналар атаулы әлеуметтік көмектің былтырғыдай қаржылай берілуін сұрауда.

zhuktilik-2
Екінші мәселе ерте жүктілікке арналды. Оған қатысты аудандық орталық аурухананың ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары сөз алды. Маманның айтуынша, кәмелетке толмаған жастардың 40-60%-ы ерте жыныстық қатынасқа түседі. Солардың ішінде 10%-ы 14 жасқа толмаған жасөспірімдер. Статистикаға сүйенсек, бойжеткен кезіндегі жүктіліктің тек 15 пайызы босанумен аяқталады. Аудандық орталық ауруханаға 2018 жылы 11 жас жүкті әйел, 2019 жылы 7 жас жүкті әйел, 2020 жылы 13 жас жүкті әйел, 2021 жылдың 9 айында 14 жас жүкті әйел тіркелген.


«Жүктілікті 22-ші аптаға дейін жасанды түрде үзу жасанды түсікке жатады. Қазіргі кезде жасанды түсікті әр адам өз қалауы бойынша 12 аптаға дейін жасай алады. 2018 жылы тіркелген жас жүкті қыздардың арасында 1 өздігінен түсік жасату, 1 ерте мерзімде босану жағдайы орын алған. 2020 жылы 2 әйел ерте мерзімде босанған. Әрбір жыныстық қатынасқа түскен жас жеткіншек жүктілікті ерте мерзімде жоспарламай, контрацепциялық препараттарды қабылдауы керек», - деді Балжібек Абленова.


Баяндама соңында 2021 жылы аудандық орталық аурухананың қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу іс-шараларының жоспары мен есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша өткізілген іс-шаралардың орындалысы айтылды.

zhuktilik-1
Осы тақырыпқа қатысты аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева ерте жүктіліктің алдын алу үшін оқу орындарында болып жүрген жұмыстарға көңілі толмайтындығын айтып, мектептерге гинекологтарды әкеліп, көрнекілік құралдарын пайдалана қыздарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.


А. Есжан
Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT