Атырау облысында тұмауға қарсы екпенің 60 мыңға жуық дозасы бар. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, күн суытқан кезде короновирус инфекциясы вирустық аурулармен бірге өршуі мүмкін. Сол себептен, созылмалы ауруы бар азаматтар профилактика ретінде салынатын тұмауға қарсы екпені алғаны жөн.
«Тұмауға қарсы екпе негізінен созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға, жүкті әйелдерге, балалар мен медицина қызметкерлеріне салынады. Қазір облыста тұмауға қарсы екпенің 60 мыңға жуық дозасы бар. Тұмауға қарсы екпе қазан айынан бастап салынады. Сонымен бірге, қазір дифтерия, туберкулез, пневмококк, полиомиелит инфекцияларына және тағы да басқа екпелер емханаларда жоспарлы кестеге сәйкес салына бастады», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.