Атырауға "Pfizer" вакцинасының алғашқы партиясы әкелінді

(0 Votes)

Атырауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған "Pfizer" вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

19 қараша күні таңертең облыстық фармацевтикалық қоймаға вакцинаның бірінші және екінші компоненттерінің 32 760 мың дозасы жеткізілді.

Вакцинация пункттерінде 12 жастан асқан жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және емізулі аналарға коронавирусқа қарсы вакцина жүргізіле бастайды.

- Бүгін Атырау облысында "Pfizer" вакцинасын егу басталады. Екпе алу ерікті негізде жүргізіледі. Вакцинаны алу үшін тіркелген мекен-жай бойынша емханаға хабарласу керек, – дейді мамандар.

Еске сала кетейік, облысқа 9 қарашада екі вакцина мұздатқыш камерасы әкелінген.

Атырау облысында "Pfizer" вакцинасына қарсы көрсетілімдері жоқ
жүкті әйел, емізулі аналар және 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 76 мыңды құрайды.

 

whatsapp-image-2021-11-19-at-09_08_24-1

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521