Аудан тұрғындары үшін ақжолтай жаңалық. Мақат кентінің Орталық алаңында орналасқан Ашық әкімдік ғимаратында екпе қабылдау орталығы ашылды.
Аудандық орталық аурухана мамандары қызмет көрсететін аталмыш екпе пунктіне алғашқы күннің өзінде бес тұрғын бас сұғыпты.
"Бұл қазіргі таңда екпе қабылдайтын екінші нүкте. Біріншісі аудандық орталық аурухана болса, екіншісі осы жер",- дейді ақ халаттылар.
Бұған дейін қызмет көрсеткен жылжымалы медициналық кешеннің екпе егу жұмыстары жөндеу жұмыстарына орай уақытша тоқтатылған. Екпе - жақынымызға жанашырлық танытып, қалыпты өмірге қайта қадам басудың төте жолы деп танылуда. Сақтыққа салғырт қарамаймын десеңіз жаңа орталықтың сіз үшін есігі айқара ашық. Таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін демалыссыз жұмыс жасайтын ақ халаттылар, демалыс күндері де қызмет көрсете беретінін жеткізді.
А.САДЫҚОВ,
Суреттер автордікі