Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 38 елде коронавирустың жаңа штамы анықталған, бірақ ұйымға «омикрон» штамынан қайтыс болғандар туралы ешқандай хабарлама келмегені айтылды.
ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан жаңа штамм қаншалықты жұқпалы және оның ауыр ауру тудыру қабілеті қандай екенін зерттеуге тағы бірнеше апта қажет екенін айтты.
Сонымен қатар, вирустың жаңа штамы белсенді тарап жатқанына байланысты ғалымдар «омикрон» алдағы бірнеше ай ішінде Еуропада COVID-19 жағдайларының жартысынан көбін тудыруы мүмкін деп болжайды.
Еске салайық, коронавирустың «омикрон» нұсқасын ДДСҰ сарапшылары «алаңдаушылық тудыратын» санатқа жатқызады, өйткені оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-белоктың 32 мутациясы бар.