Мұнайлы өлкеде өндіріске қажетті мамандар даярлайтын «АРЕС PetroTechnic» жоғары колледжінің студенті Көркемай Мырзабаева Қазақстанның «Үздік 100 студенті» тізіміне енді.
Өндірісті автоматтандыру бойынша халықаралық сайыстарға қыздар арасынан ел атынан тұңғыш қатысқан Көркемай — оқу орны қабырғасында физика клубының негізін қалаушы және президенті. Ағылшын тілін еркін меңгерген Көркемай колледжден алған теориялық білімін тәжірибеде қолданып келеді. Осылайша, ол сабақ барысында үйренген әдіс-тәсілдерін іс жүзінде кәдеге асырып жүр. Әсіресе, өндірісті автоматтандыру бойынша қолға алған жобаларының жемісін көріп те үлгерген. «Мен ең алдымен колледжішілік білім додасына қатыстым. Бұл сайыс маған дәлдік пен шұғыл әрекет етуді үйретті. Әрине, қиындықтар да кездесті. Бірақ бұл маған өзімді шыңдауға күш берді»,-дейді Көркемай.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ