Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің кітапханашылары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін орта білім беру жүйесіне тарату мақсатындағы семинар «Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының оқу мен сауаттылықты насихаттаудағы жобалар және пән мұғалімдері мен ата-аналармен бірлескен жұмыс істеу әдістерімен іс-тәжірибесімен бөлісу» тақырыбын қамтыған еді.
Семинар барысында спикер Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі Кейкешева Жанат Қасымқожақызы - оқу мәдениетін қалыптастырудағы түрлі әдістерді қолдануда «Әдеби джем» интеллектуалды ойыны мен «Кітап мұқабалары арқылы өлең шығару» әдістерімен оқырмандар арасында ең талантты, белсенді оқырмандарды анықтау, сондай-ақ оқу мәдениетін арттыруға және балаларды патриоттық бағытта тәрбиелеу, «FIND A BOOK» (кітапты тап) интеллектуалды ойыны әдістерімен және «Мектеп кітапханасында оқушылардың тұлғалық құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы НЗМ мектебінің аудан кітапханашыларына арналған тәжірибесімен бөлісті. Ол осыған дейін жұмыс барысында «Кітап мұқабалары арқылы өлең шығару», «3D кітаптар жасау», «QR кодпен жұмыс», «Whats it to ya» фишка ойыны, «Буккроссинг» акциясы секілді әдістерді қолданып келген.
Сонымен қатар онлайн форматта Ж.Нәжімеденовтың 85 жыл толуына орай виртуалды кітап көрмесімен оқушыларды таныстырып, «День первого президента Казахстана», «Тәуелсіздіктің алтын діңгегі» тақырыбында офлайн форматта сынып сағаттарын ұйымдастырған. Негізгі жетістіктерінің бірі «Чтение-лучшее учение» атты сайысында аудан бойынша I орын,облыс бойынша III орын иеленгендігін айтуға болады.
ZOOM платформасы арқылы өткен конференция соңында Астана және Атырау қалаларынан қатысып отырған менеджер-әдіскерлер Жанат Қасымқожақызының жұмысына өте жақсы деген пікірлерін білдірді.
А.Жұмабекұлы