Оқушылар онлайн дебатты тартысты өткізді

(0 Votes)

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында қашықтықтан онлайн пікірталас өткізілді. Пікірталас сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналды. Оған даттаушы топ болып Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысса, жақтаушы топтан Х.Санбаев атындағы оқушылар пікір білдірді.

Дебатқа әр мектептен 14-17 жас аралығындағы екі оқушыдан қатысты. Оқушылар арасындағы пікірталастық кездесу қызу түрде өтті. Даттаушы және жақтаушы деп екіге бөлінген топтардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оның тамырын біржола жоюға болады десе, енді бірі бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес екендігін айтып, дес бермеді.

Оқушылар онлайн пікір алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?», «Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін итермелеуші күш болуы мүмкін бе?», «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Қазақстанда қандай алдын алу шаралары атқарылуда?» секілді сұрақтарға жауап іздеп, талас туғызды.

whatsapp-image-2020-05-12-at-10_22_09

Дебат онлайн болса да, тартысқа толы өтті. Әр қатысушы нақты ұсыныстарымен бөлісті. Пікірталас соңында өз позицияларын соңына дейін қорғай білген Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушылары жеңіске жетті. Ал,«Үздік спикер» аталымымен Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы  Узбекбаева Айзада және Л.Шахатов орта мектебінің оқушысы  Айкөркем Мақсотова марапатталды.

Пікірсайыс «zoom» бағдарламасы арқылы өткізіліп, қатысушыларға электронды мадақтау қағаздары жіберілді.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521