Жуырда Атыраудағы NIS-те кәсіби бағдар беру апталығы аясында «My Dream University» сайысы өтті.
Жарыс талабына сай 10-11-сынып оқушылары өз армандарындағы жоғары оқу орнымен таныстырып, оны жан-жақты ұсына білді. Жүлделі орын иеленген оқушылар еліміздің үздік түлектерінен онлайн кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, IELTS IDP-мен бірлескен меморандум аясында сайысқа қатысқан оқушылар үшін емтихан тапсыруға жеңілдіктер берілді.
Көп ішінен озық шығып, ұшқыр ойлылығымен ерекшеленген Нұрия Амангелді, Жануя Жарас, Дильназ Нагим, Диана Исағали, сондай-ақ Гульфайруз Сабировалар жүлдегер атанып, арнайы марапатталды.