Кітапханада балалар арасында аудандық байқау өтті

(0 Votes)

Балалар жылына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Ана тілім, жасай бер қазақ тілім» атты балалар арасында аудандық байқау өткізілді. Байқау тіл мәдениетін көтеру, оқырман қауымының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Аталмыш байқауда 5 мектептен 13 оқушы бақ сынаған болатын. Топ жарғандар қатысқан сайыста жас өрендер үш кезең бойынша сыңға түсті. Бірінші кезең кітап оқу, екінші кезең эссе жазу және үшінші кезең сурет салу. Байқауда бақ сынаған мектеп оқушылары алғашқы кітап оқу кезеңі бойынша «Мен және кітап әлемі» айдарымен тіл туралы өлеңдер оқып жарысса, екінші кезең бойынша «Менің арманым» тақырыбында эссе жазды. Байқаудың соңғы кезеңі бойынша бақ сынаған қатысушылар қылқаламнан туған өнерлерін ортаға салды.

whatsapp-image-2022-09-27-at-11_15_46

Жарыстың қорытындысы бойынша, әділ қазылар алқасы қатысушыларды кезең-кезең бойынша әділ бағалап, жүзден жүйрік атанғандарды марапаттады. Нәтижесінде "Мен және кітап әлемі" кезеңі бойынша Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушысы Б.Мақсат алғыс хатпен марапатталса, ІІІ дәрежелі дипломмен Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Ә.Орынтай, ІІ дәрежелі дипломмен №2 бастауыш мектебінің оқушысы Р.Жұмабай және жүлделі І дәрежелі дипломмен Х.Санбаев атындағы орта мектебі оқушысы А.Саламат марапатталды.

whatsapp-image-2022-09-27-at-11_15_46-2

Байқаудың екінші кезеңі бойынша алғыс хатпен Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушысы Б.Серік, ІІІ дәрежелі дипломмен Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Н.Бекқызы, жүлделі ІІ дәрежелі дипломды Х.Санабаев атындағы орта мектебінің  оқушысы А.Қуаныш иеленді. Ал, шығармашылық талантымен көзге түскен Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай  кешенінің оқушысы Қ.Әбдіғали байқау жеңімпазы атанды.

whatsapp-image-2022-09-27-at-11_15_46-1

Соңғы үшінші кезең бойынша сынға түскен суретшілер арасында алғыс хатпен  М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары И.Оразымбет пен Х.Оразымбет  марапатталды. Сондай-ақ,  ІІІ дәрежелі дипломды да батыр атындағы мектептің оқушысы А.Жандарбек еншіледі. Ал, жүлделі екінші орын мен бірінші орын қос бірдей Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушыларына бұйырды. Қылқалам шеберлері номинациясы бойынша ІІ орынды А.Есентай  иеленсе,  жүлделі І орынға  З.Табылды лайық болды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушы алқаптан марапаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

whatsapp-image-2022-09-27-at-11_15_47-1

Айта кетейік, байқауға қатысушылар мектеп абыройы үшін өз өнерлерін ортаға салып, намысты қолдан бермеді.

А.Таубаева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521