Ең жоғары балл - 121

https://egemen.kz/
(0 Votes)

10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің ақылы І кезеңіне аудан бойынша мектеп бітіруші 266 түлектің 227-сі, яғни, 85,3%-ы қатысқан болатын.

Аудандық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, тестілеудің қорытындысы бойынша шекті баллды 162 оқушы жинаған. Олардың ішінде 23 оқушы шығармашылық пәндерді таңдаған. Ал шекті балл жинай алмағандар саны – 65. Жалпы балл – 13200, орта балл – 58,1%-ды құрап отыр.

Сондай-ақ, 100 ден жоғары баллды 9 оқушы жинаған. Айта кету керек, аудан бойынша ең жоғары 121 ұпай Х.Санбаев атындағы орта мектептің оқушысы Ақерке Болатқызының еншісінде.

Аудандық білім бөлімінің мамандары Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы бойынша оқушыларды психологиялық-моральдық тұрғыдан дайындау мақсатында қарқынды жұмыстар жүріп жатқанын айтады.

«Оқушылар биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына бейімделуде. Әр кезеңге қатысуға тілек білдірген оқушылар білім деңгейін сынауына үлкен мүмкіндік алып отыр. Тестілеудің әр кезеңі оқушыларды дайындау барысында дайындықты күшейту, саралау, нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, мектептерде оқушыларды психологиялық-моральдық тұрғыдан дайындау мақсатында мектеп психологтары тренингтер өткізуде», - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.

Одан бөлек мамандар мектепішілік бақылау, апта сайын байқау сынақтарын өткізу, әр пән бойынша оқушыны дайындау барысында барлық пән мұғалімдерін жұмылдыру жұмыстары жолға қойылғандығын жеткізді.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT