Бір ай ішінде облыстағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздік деңгейі тексеріледі

(0 Votes)

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова аймақтағы білім ордаларының қауіпсіздігі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, 2022-2023 оқу жылы басталғанға дейін мектептер, балабақшалар мен колледждер қауіпсіздік құрылғысымен толықтай қамтамасыз етілген.

- Ұлттық білім беру деректерінің қорындағы мәліметтерге сәйкес облыста 9 668 камерамен жабдықталған 214 ұйым бар. 77 мектептің 501 камерасы Жедел басқару орталығына шығарылды. 22 білім беру ұйымы интеграция орнатуға келмейді. 2022 жылы «Дабыл түймесін» орнатуға жергілікті бюджеттен 88 млн теңге қаржы қаралды. 200 мектепте «дабыл түймесі» орнатылды. Сондай-ақ ауыстыруды қажет ететін 305 камера анықталды. Істен шыққан камералар уақытымен ауыстырылуда, кейбіріне тапсырыс берілді,-деді Г.Сәдуақасова.

Жиында облыс әкімі сала мамандарына арнайы комиссия құруды жүктеп, бір ай ішінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті тексеруді тапсырды.

- Мәселе қаражатта емес. Баланың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді. Әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шарасы қабылдануы қажет. Баланың қауіпсіздігі қаражатпен шектелмейді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту де маңызды,-деді С.Шәпкенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521