Дені сау ұрпақ –болашақтың тұтқасы

(0 Votes)

Жұма күні аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Бәйгетөбе мектеп-балабақша базасында «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ!» ұранымен 1-10 сыныптар арасында спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындары өтті.

Бұл ойынның мақсаты оқушының спортқа, білімге деген қызығушылығын ояту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту арқылы отансүйгіштік, жауапкершілік сезімдерін арттыру.

Ойын барысында әр сыныптан 2 оқушы берілген спорттық тапсырманы орындап, мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап беру керек. Интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, спорттық тапсырманы кейін қарай орындап, өз командасына оралады.

Ойынға М.Баймұханов, О.Сарғұнанов, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептер, Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешені, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушылары қатысты.

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің 7 ақпандағы №6 (912) санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521