БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН

БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН
(0 Votes)

Бүгін Доссор мәдениет үйінде  дәстүрлі «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты аудандық ұстаздардың тамыз конференциясы өтті.

Конференцияның ресми бөлімінде аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Тұртайұлы алдағы оқу жылына арналған негізгі бағыттар мен атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады. Ол білім сапасын арттыру, оқушылардың құқықтық тәрбиесін күшейту, «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасының жүзеге асырылуы секілді өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Келесі кезекте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева ұстаздардың жаңа оқу жылындағы жауапты міндеттеріне тоқталып, табыс тіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында білім беру мекемелерінде еңбек етіп жүрген техникалық қызметкерлердің де еңбегі елеусіз қалмады. Аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин аталмыш сала қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Одан бөлек, толағай жетістікке жеткен ұлағатты ұстаздар аудан, облыс, бірінші вице-министр Майра Мөлдебеованың арнайы алғыс хаттары табысталды.

Осылайша «Адал азамат, кәсіби маман» қалыптастыру – әрбір ұстаздың басты міндеті екендігі тағы бір мәрте айқындалды.

Ж.Қамза

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT