Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ өтеді

(0 Votes)

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектеп оқушылары «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курстан өтпек.

Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.
Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек.
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда келесі салаларды қамтиды. Парасаттылық және әдеп, экология мәдениеті, азаматтық және патриотизм, өмір қауіпсіздігі, медиа және қаржылық сауаттылық.
Ал 10-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер».

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT