Атырау мен Жылыой ауданында дрон басқару бойынша шеберлік сағаттары өтті

(0 Votes)

30–31 мамыр күндері JasUp әлеуметтік бағдарламасы аясында Атырау қаласы мен Жылыой ауданында 120-дан астам қатысушыны қамтыған дрон  басқару бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шаралар 
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде, О.Көшеков атындағы аграрлық-техникалық колледжде, Жылыой балалар техниктері станциясында өтті.

Шеберлік сағаттарының мақсаты – дрондармен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан мектеп оқушылары, студенттер мен сала мамандарына алғашқы білім мен практикалық дағдыларды беру.

Шеберлік сағаттарының бағдарламасы жалпы 2 сағатқа созылып, екі негізгі бөлімнен тұрды:

 Теориялық бөлім (40 минут)

1-модуль: Әуе құқығы негіздері және БАС-қа кіріспе

Дрондарды басқаруға қатысты негізгі құқықтық талаптар

Ұшу ережелері мен шектеулер

Дрондардың түрлері және қолдану салалары

БАС құрылымы мен негізгі компоненттері


 Практикалық бөлім (80 минут)

2-модуль: Дрон басқару тәжірибесі

Жабдықпен танысу және ұшуға дейінгі дайындық

Дрон басқарудың негізгі элементтері

Инструктор жетекшілігімен ұшу және қону

Қарапайым маневрлерді орындау

Қатысушылар арасындағы шағын жарыс

 

Кімдерге арналған?

Шеберлік сағаттары келесі адамдарға пайдалы болды:

Дронды алғаш рет басқарғалы отырған жаңадан бастаушылар

Бұл саламен танысып, әрі қарай оқуды жоспарлап жүргендер

Аэротүсірілімге қызығатын фото және видеографтар

Өз қызметінде дрондарды пайдаланғысы келетін компания өкілдері

Заманауи технологияларға қызығушылығы бар кез келген адам

---

Неліктен шеберлік сағатынан бастау керек?

Қымбат құрылғыларға ақша жұмсамай-ақ тәжірибе алу мүмкіндігі

Дрон басқарудың негізгі қағидаларын түсіну

БАС саласындағы мансаптық мүмкіндіктермен танысу

Тәжірибелі оқытушылармен тікелей байланыс орнату

Болашақта оқу курсын таңдауға көмектесетін саналы шешім қабылдау

Бұл шеберлік сағаттары – дрондар мен заманауи технологиялар әлеміне алғашқы қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды. Мұндай бастамалар жастардың техникалық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда бағыт береді және ғылым мен техникаға деген қызығушылықты қалыптастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT