№236 сайлау учаскесінде аудандық мәслихаттың №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутаттың орнына жаңа депутат сайлау бойынша дауыс беру одан әрі жалғасуда.
Сағат 16.00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген 1101 сайлаушының 299-ы сайлауға қатысты.
Ол сайлаушылардың 32,9 % құрайды.
Еске салайық сайлау учаскесі Мақат кенті, С.Бекжанов көшесі 82 үй “Үміт” жатақханасының ғимаратында өтіп жатыр.
Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс жалғасады.
Б. Асхатқызы