Әріптесіміз – аудан әкімінің кеңесшісі

(0 Votes)

Бүгін Мақат ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Ринат Ибрагимовтың төрағалығымен актив жиналысы өтті. Әкім жиналғандарға өзінің жаңа кеңесшісін таныстырды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңының 27-бабының 7-тармағына сәйкес, аудан әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы №95 өкімімен 2022 жылдың 23 мамырынан бастап, аудан әкімінің кеңесшісі болып Анварбек Садықов тағайындалды.
Ринат Хисаұлы Анварбек Нуриахметұлының өмірбаяны мен еңбек жолын айтып өткеннен кейін, жаңа лауазымдағы қызметін абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.
Құттықтау сөзін алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов: «Біз ардагерлер қауымы бұл тағайындауды қолдаймыз. Анварбек - журналист, әрі ақын, қазақ тілінің жілігін шағып майын ішетін азамат. Халықтың алдында беделі де бар. Қазіргі жоғарғы талапқа сай болып, жауапкершілігі мол адамдардың қасында көмекші болу оның қолынан келеді деп ойлаймыз», - деп пікірін білдіре кетті.
Анварбек Садықов өз кезегінде жұмысын сөзбен емес іспен көрсететуді мақсат ететіндігін айтып өтті. Ал, Ринат Хисаұлы кенттер мен ауылдық окург әкімдеріне және дербес бөлім басшыларына аудан әкімінің кеңесшісімен тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырды.
Садықов Анварбек Нуриахметұлы 1991 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. Отбасылы.
2008-2012 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универсиетінде -эколог мамандығын бітірген.
2012-2014 жылдары аралығы осы университетте биология мамандығы бойынша магистр атанған. 2012 жылдың қыркүйек айынан - 2013 жылдың тамыз айы аралығында «Биоинжиниринг» ЖШС мекемесінде учаске бастығы қызметінде болған.
2019 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Maqat tynysy» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі қызметін атқарып келді.


А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT