Мақат жастары балалар үйіне келді

(0 Votes)

Өткен аптада «Шаңырақ» балалар үйінде Мақат жастары бір күнін бірге өткізіп, қамкөңіл балаларға жарқын сәт сыйлап қайтты.

Бүгінгі таңда қоғамдық проблемалардың бірі – балалар үйінің көбеюі. Қазақстан аумағында жетімдер мен балалар үйінің көбеюі зор қасіретке айналды. Бар бала әке мен ананың мейіріміне бөленіп, сүйіспеншілікке бөлене алмаса, сол қайғы. Асқақ армандарын айтып, бізбен бөліскен саналы ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын деген тілегіміз бар.

Осы сапарда игі шараға «Иман жастары» бастамашыл болды. Құптарлық жайт.Қолдайтын мәселе. Аталмыш шара барысында, мешіт имамы Дәурен Құттыбаев бүлдіршіндерге лебізін білдіріп, тұрмысқа қажетті заттарын табыстаса, Д.Құрмашев, Қ.Бағытов сынды жастарымыз бүлдіршіндерге ән шырқап, би билеп берді. Сөйтіп, жетім көңіл отандастардың бір күнін жастарымыз бірге өткізді.

Әсел ҚАРЖАУОВА,

Жастар ресурстық орталығының басшысы

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521