Экологиялық көзқарасты өзгерту жолында

(0 Votes)

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына арнаған Жолдауында  халық үшін  өте маңызды мәселелерді алға тартқаны белгілі. Атап айтсақ, мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту. Сонымен қатар, Президент азаматтық қоғамның келешегі жайлы маңызды мәлімдеме жасады.

Жолдауда зейнетақы жарналары мен броконьерлік қылмыстар, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту мәселелері де айтылмай қалмады. Біраз мәселелерді шешу үшін нақтылы қадамдар көрсетілсе, кейбірінде бағыт-бағдар берілді. Бұл Жолдау революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен жүру үшін барынша саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлеуетін ашуға бағытталған.

Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екенін айтып өтті. Шыны керек, кей жағдайларда тұрғындардың өтініштеріне әкімдік, департамент, министрлік пен басқа да ведомстволар тарапынан жауап қайтарылмай жатады. Маңызды құжат әрқайсысымызды, атап айтсақ, мемлекеттік мекемеде істейтін қызметшілерден бастап, қарапайым жұмысшыға дейін нақты өз ісімен айналысуды, өз мамандығының білгірі болуға шақырады. Ішкі әлеуетімізді ашу, бұрын жіберілген қателіктерді қайталамай, бастапқы мақсатымызға қайта оралу – міне, осылар Жолдаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Президент Үкіметке экологияны жақсарту, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу жұмыстарын жандандыруды тапсырып, осы орайда «Бірге – таза Қазақстан» науқаны қолдауға тұрарлық жоба екенін атап өтті. Ендігі ретте, Парламенттің алдында Экологиялық кодекстің жаңа нұсқасын талқылау және қабылдау міндеті тұр.

Әділбек ИДИЯТОВ,

аудандық мәслихат депутаты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT