Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Мақат ауданының құрметті азаматы Марат Ақтілеуұлы марапатқа бөленді. Мұнай саласының ардагеріне аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев «Ардагерлер ұйымының» «Құрмет белгісі» төсбелгісін тақты.
Жақында ғана өңіріміздегі айтулы мерекелерге орай алған «Қазақстан мұнайына 120 жыл» және «Мақат ауданына 95 жыл» марапаттарына бөленген еңбек ардагерінің мерейі тағы да үстем болды.
Өз тілшіміз