Доссорлық қолөнерші гипстен мүсін жасайды

(0 Votes)

Доссорлық Эльмира Мусина гипстен мүсін құйып, нәпақасын тауып отырған қолөнерші. Екі жылдан бері ерекше кәсіп түрімен айналысатын шебер түрлі кәдесыйлар мен ақша жинауға арналған қобдишалар жасайды. Бұл өнер түрін ол Ресейден машықтанған туысынан үйренген. Одан әрі білімін ғаламтор арқылы жетілдіріп, аз уақыттың ішінде бұл отбасылық кәсіпке айналып үлгерді.

Эльмира МУСИНА, қолөнерші:

Көпбалалы анамын – жеті балам бар. Отбасылық кәсібіміз осы. Балаларымызға да жақсы, бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық қасиеттерін дамытып жатыр. Үйді әсемдеуге және бақшаға арналған мүсіндер барді жасаймыз. Тиын жинағыш секілді сыйлық ретінде беруге лайықты дүниелерді тұтынушылар сұранысымен шығарып жатырмыз.

36c4e316-14aa-4008-8f8c-565827e0f0ed

Мүсіндерді жасау үшін алдымен белгілі бір бейнеде ермексаз дайындалады. Кейін сыртына силикон жағылып, қалыпқа айналғанша бірнеше күнге қатырылады. Сосын ішіне гипстен жасалған қоспа құйылып, кептіріледі. Әзір болған бұйымның сырты тегістеліп, талғамға қарай боялады.

2a2e0e9e-900d-47db-9fe1-36011d2c6abd

Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында білім алған Эльмира ауданнан ұсынылған 60 жоба ішінен жалғыз өзі грант жеңіп алды. Ол кенттегі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін курстар ұйымдастыруды қолға алған. Карантин кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ойластырып, қазір 20 шәкіртті қолөнерге баулып отыр.

dfc8a761-2339-474b-b189-ceba0c9fff40

Кейіпкеріміздің тағы бір қыры – топиарий өнері. Декаративтік мүсін сомдап, жасанды газонға жан бітіру – шебердің сүйікті ісі.

e6a97706-0cd6-4ee5-b3a6-57c00c92a43d

Сондай-ақ, ол эпоксидты шайырдан да түрлі бұйымдар жасайды. Енді ол шеберханасын қажетті құрылғылармен толтырып, ісін одан әрі жетілдіруді мақсат етеді.

25e583de-38c8-4ead-b4e2-198dc942f5e7

Алдағы уақытта алып мүсіндер жасап, өзіндік із қалдыру үшін аянбай еңбектенбек.

М.Ізтұрғанова

Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT