Еліміздің өркендеу жолындағы маңызды сәттердің бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жариялаған Жолдауы.
Бұл құжатта ел дамуының жаңа бағыттары айқындалып, әлеуметтік әділеттілікті басты қағида ретінде ұстану қажеттігі ерекше аталып өтілді.
Президентіміз өз сөзінде ең алдымен халықтың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік қолдаудың әділ әрі мақсатты болуы мәселесіне назар аударды. Азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Бұл – мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын маңызды қадам десек болады.
Осы ретте бүгінгі буынның парызы – осы бастамаларды іске асыруда белсенділік таныту. Біз, ардагерлер ел ішінде бірлікті, еңбексүйгіштікті дәріптеп, жастарға үлгі болуымыз қажет.
Қ.Омаров,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі