ЕГЕМЕН ЕЛ - ҚАЗАҚСТАН

ЕГЕМЕН ЕЛ - ҚАЗАҚСТАН
(0 Votes)

Республика күні – халқымыздың еркіндік пен елдікке деген ұмтылысының ұлы символы. Мемлекет басшысы атап өткендей, осыдан 35 жыл бұрын қабылданған «Қазақстанның Егемендігі туралы декларациясы» — Тәуелсіздіктің бастауы, жаңа дәуірдің есігін ашқан тарихи шешім болды.

Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалған сәтін еске түсіретін, ұлттық рухты ұлықтайтын айрықша мереке. Егемендік – біз үшін жай саяси ұғым емес, ол – елдігіміздің, бірлігіміздің, ұлттың намысы мен рухының көрінісі.

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – сол тарихи таңдаудың, ел бірлігі мен азаматтардың табанды еңбегінің нәтижесі.

Біз азаттықтың қадірін терең түсініп, оны сақтау мен нығайту ісінде әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Республика күні құтты болсын!

Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі, көк байрағымыз биік, халықтың бірлігі бекем болсын!

 

М.Әнесұлы,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT