Атырауда жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына қатысты бір тәулікте 170-тей дерек тіркелді

Атырауда жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына қатысты бір тәулікте 170-тей дерек тіркелді
фото: видеодан алынды
(0 Votes)

Бұл — Атырау қаласы аумағындағы бір тәулік ішінде анықталған құқықбұзушылықтар.  Жол ережесін бұзғандарға заң аясында тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара күнделікті жол көлік оқиғаларын болдырмау және қала тыныштығын қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, тіркеусіз көлік басқарудың 6, техникалық ақауы бар немесе пайдалануға тыйым салынған көлікті жүргізудің 13, телефон пайдаланудың 11, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 28, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 7, міндетті сақтандыру талаптарын бұзудың 18, апатты жағдай туғызудың 3, жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік басқаруының 1 және жаяу жүргіншілердің ереже бұзуының 7 фактісі анықталды.

Әр жұма, сенбі және жексенбі күндері Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады. Жұмыс күндері қалада 35-40 автопатруль, ал демалыс күндері 45-50 автопатруль қоғамдық тәртіпті қадағалауға шығады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT