Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне ерекше назар аударды.
Бұл бастама бизнес өкілдерін орынсыз тексерістерден қорғап қана қоймай, елдегі жалпы іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған. Қазіргі таңда заңдар мен кодекстердің көптігі мен олардың өзара қайшылығы кәсіпкерліктің дамуына елеулі кедергі келтіріп отыр.
Осы тұрғыда жасанды интеллектті енгізу заңнаманы жүйелеуге және тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жаңа орталықтың құрылуы реформалардың сабақтастығын қамтамасыз етіп, кәсіпкерліктің еркін әрі ашық дамуына жол ашады.
Қ.Омаров,
аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі



