Бүгін Доссор мәдениет үйінде 25-қазан Республика күні мен Егемендік декларацияның 35 жылдығына арналған «Мәңгілік ел - Қазақстан» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.
Шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті.
Сондай-ақ, халқымыздың бірлігі мен татулығының арқасында мұнайлы мекенміз жылдан-жылға дамып келетіндігін жеткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әр сала мамандарын облыс, аудан әкімі және облыстық мәслихат төрағасының алғыс хатымен марапаттады.
Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Ә.ҚАСЫМ
Суретті түсірген: Б.СЕРІК