Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» – еліміздің экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде аса маңызды бастама. Себебі кез келген өндірістің, құрылыстың, инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласының іргесін нақты кәсіби шеберлікке ие жұмысшы мамандар қалайды. Бүгінгі таңда елімізде жұмысшы кадрларға сұраныс артып отыр. Бұл – қоғам дамуының жаңа кезеңінде осы мамандық иелерінің беделі мен мәртебесін көтеру қажеттігін көрсетеді.
Жұмысшы мамандықтарын насихаттау, жастарды осы салаға бағыттау – ел болашағына салынған инвестиция. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, дуальды оқыту жүйесін жетілдіру, оқу бағдарламаларын еңбек нарығы талаптарына сай бейімдеу – осы бағыттағы маңызды қадамдар. Сонымен қатар, еңбек адамына деген құрметті арттырып, олардың еңбегін лайықты бағалау қоғамдағы әділеттілік пен ынтымақты нығайта түседі.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – жас ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашатын, елдің өндірістік әлеуетін дамытатын нақты әрі өзекті шешім.
Әсел ҒҰБАШОВА



