Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында спорт саласына айрықша назар аударды.
Президент өз сөзінде бұқаралық және балалар спортын дамыту – ұлт саулығын нығайтудың басты жолы екенін атап өтіп, елдің әр өңірінде спорт инфрақұрылымын барша азаматқа қолжетімді ету керектігін жеткізді. Бұл – қазіргі қоғам үшін аса маңызды әрі уақыт талабына сай бастама екені сөзсіз.
Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде біздің ауданымызда да спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілуде. Жаңа спорт алаңдары мен кешендері бой көтеріп, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалып жатыр. Бұл өз кезегінде олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ерік-жігері мен жауапкершілігін арттырары анық.
Осы ретте айта кетейік, болашаққа нық қадам басқымыз келсе, спорт мәдениетін қалыптастыру баршамыздың ортақ міндетіміз болуы тиіс.
М.Әнесұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



