Мақат ауданындағы эпидемиологиялық ахуал туралы

(0 Votes)

Қарқынды жұмыс пен қатаң талаптың ақыры нәтижесіз қалмады. 21 қыркүйекте келіп жеткен мәліметке сүйенсек  Мақат ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы рет 18 қыркүйекте 1 жағдай  тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек жалпы "COVID-19"-дың  284 жағдайы орын алған.  Соның ішінде Мақат кентінде - 140 жағдай, Доссор кенті – 139 жағдай, Бәйгетөбе ауылдық округі – 5 жағдай. Ал, жақын қарым-қатынаста болған адам саны - 1087. Еңсесі тіктеліп, емделіп шыққандар - 282 адамды құраса (Мақат -143, Доссор -134), 1 ошақтың оқшаулау мерзімі әлі аяқталған жоқ. Көңіл құлазытып арамыздан арғы өмірге аттанғандардың саны – 5 адам (COVID-19).

Бір қуантарлығы бүгінде аудандық ауруханалардың провизорлық стационарлары жабылды. Сондай-ақ инфекциялық бөлімде ентігіп ем іздеп жатқан бір науқас жоқ, бұндағылар тек өзге аурулар бойынша сырқаттанған.

А.САДЫКОВ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT