АУДАНДА МЕРЕКЕЛІК ГАЛА КОНЦЕРТ ӨТТІ

АУДАНДА МЕРЕКЕЛІК ГАЛА КОНЦЕРТ ӨТТІ
(0 Votes)

Орталық стадионда 25 қазан – Республика күніне орай “Мәңгілік ел – ҚАЗАҚСТАН” атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында аудан әкімі Азамат Саматұлы аудан тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтап, ел бірлігі мен ынтымағына тілектестік білдірді.

Мерекелік концерт барысында Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Нұрболат Абдуллин және елімізге танымал “Заман” тобы өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ өңірімізге танымал өнер иелері де өздерінің әсем әндері мен би нөмірлерін орындап, мерекелік кештің көркін келтірді.

Мереке соңы отшашумен аяқталып, жиналған жұртшылық Республика күніне арналған концерттен ерекше әсермен тарқасты.

«мт»

#RepublicDay

#25Қазан

#Декларация35жыл

#МеніңҚазақстаным.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT