Инвестиция тарту – экономикалық өсудің негізгі тетігі

Инвестиция тарту – экономикалық өсудің негізгі тетігі
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Президенттің атап өткендей, қазіргі таңда жаһандық бәсекелестік күшейіп, әрбір ел капитал мен жаңа технологияларды тарту үшін белсенді күрес жүргізіп келеді. Сондықтан инвестициялық саясатты жетілдіру – еліміздің тұрақты дамуының шешуші факторы әрі уақыт талабы.

Осы бағытта өңірлерде де жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Ауданымызда өндіріс пен шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымның сапасын арттыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынуда.

Инвесторлар үшін қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді кеңейту және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Жаңа инвестициялық жобалардың іске асуы аудан экономикасына тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

 

К.Ищанғалиев,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT