Дәнді дақыл егіс алқаптарының 15,8 млн гектары жиналды — Үкімет

Дәнді дақыл егіс алқаптарының 15,8 млн гектары жиналды — Үкімет
Фото: Үкімет
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM — Үкіметте егін жинау науқаны жөніндегі жедел штаб отырысы өтіп, жаңа өнім кезеңінің алдын ала қорытындылары қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мәліметтерге сүйенсек, дәнді дақыл егіс алқаптарының 99%-ында, яғни 15,8 млн гектарда жиналды. Сондай-ақ бұршақты дақылдарды жинау іс жүзінде аяқталып, 1 млн тоннадан астам рекордтық көрсеткішке жетті.

Қазіргі уақытта жүгері (134 мың га, 77%), майлы дақылдар (3,5 млн теңге, 74%) жиналып жатыр, картоп (3 млн теңге), басқа көкөністер (3,9 млн теңге) және қауын-қарбыз дақылдары бойынша жұмыс (2,6 млн теңге) толығымен аяқталды.

Тыңайтқыштарды дер кезінде қосу және 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына қаржыны ертерек бөлу жоғары нәтижеге қол жеткізуге ерекше ықпал етті.

Егіс науқанына бөлінген 700 млрд теңгенің 502 млрд-ы игерілді.

Аграрлық несие корпорациясы арқылы 2026 жылғы егіс науқанына жеңілдетілген қаржыландыруға фермерлерден өтінім қабылдау басталды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру үшін бөлінген 250 млрд теңгеге қазірдің өзінде 253 млрд теңгенің өтінімі қабылданды. Бұл 8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады деген сөз.

«Даму» қоры арқылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған несиелердің 85%-ына дейінгі кепілдік беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл кепіл базасы жеткіліксіз шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

    — Бүгінгі күні жалпы сомасы 196,9 млрд теңгеге 1336 кепілдік берілді, ал қарыздардың жалпы көлемі 231,7 млрд теңгеге жетті, — делінген хабарламада.

Лицензияланған астық сақтау қоймалары егін қабылдау қызған шақта да қалыпты жағдайда жұмыс атқара береді, яғни 5,4 млн тоннасы (40%) толды, тағы да 7,8 млн тоннаға жетерлік бос орын бар. Егін жинау басталғалы бері элеваторларға 6,7 млн тонна астық тапсырылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе көп (2024 жылы — 3,4 млн тонна).

Жиналған астықтың 54%-ы — үшінші сыныпты бидай.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, қазан айының алғашқы онкүндігінен бастап қант зауыттары жаңа өнімнің қызылшасын қабылдауды бастады.

«Ақсу қант» зауытында көлік кезегін болдырмау үшін қызылша қабылдауға электронды кезек жүйесі енгізілді.

Жалпы Жетісу өңірінде 154 мың тонна қант қызылшасы жиналды.

Вице-премьер Серік Жұманғарин негізгі астық өндіруші өңірлердің әкім орынбасарларының егін жинау барысы туралы есептерін тыңдады.

Аймақтар жеңілдетілген дизель отынымен толық қамтамасыз етілгені айтылды, алайда астықты кептіруге арналған көгілдір отынның жетіспеушілігі байқалады.

Вице-премьер астық қабылдау процесін кідіріссіз аяқтау үшін Энергетика министрлігіне өңірлерге қосымша көгілдір отын бөлуді тапсырды.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT