Абайлаңыз, пойыз!

(0 Votes)

Мақат стансасының Желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аймағында қыркүйек айының 22-сі мен 24-і аралығында жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылар пойыздарының терезе әйнектерін сындыру фактілерін алдын алу мақсатында "Абайлаңыз, пойыз!" атты жедел-профилактикалық іс шарасы өтті.

Аталған бағытта станса ЖП бөлімінің полиция қызметкерлері теміржол мекемелерінің өкілдерімен бірлесе отырып, жалпы білім беру оқу орындарында, құқықтық тақырыпта мұғалімдер және мектеп оқушылар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.

img-20200924-wa0010

Оқушылар арасында, қылмыстар және құқық бұзушылық жасауға кәмелетке толмағандарды тартқан адамдарды, өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналардың құқықтарынан айыру және шектеу бойынша, сондай-ақ мезгілсіз уақытта көшеде болуы мен кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптарымен әкімшілік хаттама жасақталатындығы туралы түсінік берді.

Сондай-ақ, профилактикалық сұхбат жүргізу барысында теміржол объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау мен теміржол аумағында мұқияттылықты көтеру және барлық оқушыларды теріс қылық іс-әрекеттерді жасамауға шақыру үшін білім беру орталығының мұғалімдеріне аталған іс-шараны ғаламтор желісі арқылы оқушылардың ата-аналарына жеткізу ұсынылды. Сонымен қоса, полиция қызметкерінің қатысуымен мектеп оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Одан басқа Мақат кентінің тұрғындарына ескерту жасалып, профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Е.С.Кулманов,

Мақат стансасының ЖПб-мі бастығының

міндетін атқарушы, полиция аға лейтенанты

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT