banner_damu

Бітімгершілік – биліктің озығы

(0 Votes)

«Дау мұраты – бітім» деп Сырым бабамыз айтқандай, татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ету мақсатындағы шаралар елімізде қарқынды жалғасуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда медиация институтының жұмысы белсенді түрде жүргізілуде.

Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыстық сот ұйымдастыруымен "Татуласу: сотқа дейін, сотта" жобасы аясында «Медиация артықшылықтары» тақырыбымен семинар өтті.

Аталмыш шараға облыстық сот судьясы Г.Исамберлиева, Атырау қалалық №2 сотының судьясы Ж. Ташимов, «Медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры Г.Марданова, аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мамандары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың, құқық қорғау органдарының басшылары, медиаторлар, мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинар жұмысын аудандық сот төрағасы М.Искаков жүргізіп отырды. Әуелі аудандық сот судьясы Б.Измағамбетова медиация туралы баяндама жасаған соң судья Г.Исамберлиева, Ж.Ташимов қылмыстық және азаматтық істер бойынша медиацияның қолдану тетіктері жөнінде баяндады.

Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жоба іске қосылғаны бәрімізге белгілі. Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібінде сотқа дейінгі реттеу, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, дауларды сотқа дейін реттеуде тараптардың мүдделілігін арттыру және тұрақтылықты сақтауға, түрлі туындайтын дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беретін бітімгершілік келісімдер мен медиация институтын дамыту, насихаттауды және жобаны тиімді жүзеге асыруды мақсат етеді.

-ҚР «Медиация туралы» Заңы атауы ерекше болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Дала билігінің дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға аса назар аударған. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деуге болады,-дейді Г.Исамберлиева.

Г.Марданова медиацияның артықшылықтары жөнінде айтты. Медиация көбінесе соттан тыс әрекеттер шеңберінде кеңінен пайдаланылатын болғандықтан, ол азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт. Бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз. Кездесу барысында қатысушылардан сұрақтар қойылып, оларға тиісті түсініктер берілді.Сот төрағасы М.С.Искаков «Билер кеңесі» құрылғанын атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысып отырған «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы С.Халеновке аудандық сотының атынан Алғыс хат табыстады. Г.САЛИКОВА. Суреттерді түсірген:

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика