Жас маман болсаң, жаңалықтан құр қалма

(0 Votes)

Жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында игілікті шаралар жүзеге асуда. Ел Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысы осының дәлелі.

Осы қаулыға өзгеріс енгізіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылдың 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бір реттік көтерме жәрдемақы 70 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) тең, ал тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік несие 1500 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) тең мөлшерде беріледі. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 15 жыл мерзімге беріледі.

Жас маман өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде аудандағы елдi мекенде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымда кемiнде 3 жыл қызмет iстеуге келісім - шартпен мiндеттеме қабылдайды.

Сонымен қатар, әлеуметтiк қолдау шараларын алушы келісім шартта көрсетілген міндеттемелерді қабылдайды:

1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;

2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

4) жыл сайын ХҚКО жұмыс органына мекенжай анықтамасын ұсынуға;

5) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Толығырақ газетіміздің №13 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521