Ауданда жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті

Жазба ақындар жарысы
фото: Аудандық мәдениет үйінен алынды
(0 Votes)

Ақындық өнер кез келген адамға беріле бермейтін қасиет. Әдебиетімізде қара өлеңмен кесте тігіп, сурет салған ақындар аз емес. Сол ақындардың ішінде шоқтығы биік тұратыны Мұқағали Мақатаев екені жасырын емес. Хан Тәңірінің мұзбалағы атанған ақын саналы ғұмырында сан түрлі тақырыптарға қалам тербеп, қазақ поэзиясының дамуына бір кісідей ат салысты. 

Осы орайда 20 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде ауданның құрылғанына 100 жыл толуына және қазақ жырының құдіреті, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл толуына орай «Туған жер-тұнған тарих» атты аудандық жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраға аудан мектептерінің оқушылары мен арнайы орта оқу орындарында оқитын жергілікті студенттер қатысты. Олар алғашқы екі кезеңде «Туған жер-тұнған тарих», және «Хан Тәңірінің мұзбалағы» тақырыптары бойынша дайындап келген өлеңдерін оқып, шешуші кезеңде сол жерде берілген тақырыпқа табанасты өлең құрады.

Жас ақындарға аудандық мәдениет үйінің «драма» үйірмесінің жетекшісі Гүлбаршын Кенжиева, «ақындыққа баулу» үйірмесінің жетекшісі Асылбек Есжан және айтыскер ақын Нұрбек Сарбасов төрелік етті.

Қазылардың шешімімен үшінші орынға Л.Шахатов атындағы орта мектебінің атынан қатысқан Альфия Серікқызы лайықты деп танылса, екінші орын Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің намысын қорғаған Аяла Ғалидоллаға бұйырды. Ал, жарыс жеңімпазы болып Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті Нұрбибі Қабдол танылды. Барлық жүлдегерлер мен қазылар алқасы аудандық мәдениет үйінің атынан арнайы сыйлықтарға ие болды.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT